Моксифлоксацин (400 мг, Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт.Лтд.)

МНН: Моксифлоксацин (в виде моксифлоксацина гидрохлорида)
Производитель: Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Moxifloxacin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024505
Информация о регистрации в РК: 10.03.2020 - 20.03.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Моксифлоксацин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Моксифлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 436.80 мг моксифлоксацин гидрохлориді

(400 мг моксифлоксацинге баламалы),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, тазартылған су, тазартылған тальк, натрий крахмалы гликоляты (А типі), коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

Wincoat WT-PRL 01677 үлбірлі қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 400, кремнийдің қостотығы, слюда негізіндегі перламутр пигменті – күміс жылтыр, эритрозинді алюминий лагы Е 127, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар сопақша пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Моксифлоксацин.

АТХ коды J01MA14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және биожетімділігі

Пероральді түрде қабылдағаннан кейін тез және толық дерлік сіңеді. Абсолюттік биожетімділігі 91%-ға жуықты құрайды.

50-ден 1200 мг-ге дейінгі дозада бір реттік, сондай-ақ тәулігіне препаратты 600 мг-ден 10 күн бойы қабылдағанда моксифлоксациннің фармакокинетикасы дозаға байланысты болады. Тепе-теңдік күйге 3 күн ішінде жетеді.

400 мг моксифлоксацинді бір реттік тағайындаудан кейін қанда ең жоғары концентрацияға (Сmax) 0.5-4 сағат ішінде жетеді және 3.1 мг/л құрайды. Плазмадағы ең жоғары шектегі және ең төмен концентрациялар тұрақты (күн сайын бір реттік 400 мг) жағдайда, сәйкесінше, 3,2 және 0,6 мг/л болды.

Моксифлоксацинді тамақпен бірге қабылдағанда Сmax жету уақытының аздап артуы (2 сағатқа) және Сmax аздап төмендеуі (шамамен 16%-ға) білінеді, мұндайда абсорбция ұзақтығы өзгермейді. Алайда, бұл деректердің клиникалық маңызы жоқ, өйткені AUC/MIC арақатынасы хинолондардың микробтарға қарсы белсенділігін көбірек жорамалдайды. Демек, препаратты тамақ ішуге қарамай, қабылдай беруге болады.

Таралуы

Моксифлоксацин қантамырлардан тыс арнада өте тез таралады. Моксифлоксациннің тепе-тең таралу көлемі (Vss) шамамен 2 л/кг құрап, фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының AUC (AUCnorm = 6 кг*сағат/л) үлкендігі байқалады. Моксифлоксациннің ең жоғары шектегі концентрациясы плазмаға қарағанда, сілекейде жоғары. Ин-витро және ин-виво зерттеулерде 0,02-ден 2 мл/л-ге дейінгі концентрациялар ауқымында моксифлоксациннің ақуыздармен байланысуы, препараттың концентрациясына қарамай, шамамен 45%-ды құрады.

Моксифлоксацин негізінен плазма альбуминдерімен байланысады.

Көлемінің төмен болуына байланысты бос концентрацияның > 10xMIC ең жоғары шегі байқалады.

Плазмадағы осындайдан асып кететін препараттың жоғары концентрациялары өкпе тіндерінде (эпителиальді сұйықтықта, альвеолярлық макрофагтарда, биологиялық тіндерде), мұрын қуыстарында және полиптерінде, қабыну ошақтарында жасалады. Сілекейде, интерстициальді сұйықтықта (бұлшықетаралық және теріасты аралық) бос күйіндегі препараттың жоғары концентрациясы анықталады.

Бұдан басқа, препараттың жоғары концентрациялары құрсақ қуысының ағзаларынан және перитонеальді сұйықтықтан, сондай-ақ әйелдің жыныс ағзаларынан анықталады.

Моксифлоксациннің бір реттік 400 мг дозасынан кейін енгізудің екі жолында да, әртүрлі нысана-тіндердегі плазмалық концентрациямен салыстырғанда, ұқсас ең жоғары концентрациялар байқалды.

Метаболизмі

Моксифлоксацин биотрансформацияның 2-ші сатысынан кейін организмнен бүйрек және асқазан-ішек жолы (АІЖ) арқылы өзгермеген күйінде де, сонымен қатар белсенді емес сульфо-қосылыстар (М1) және глюкуронидтер (М2) түрінде де шығарылады. Осы метаболиттер адам организміне қатысты ғана қолданылады және олардың микробқа қарсы белсенділігі жоқ. Басқа препараттармен метаболизмдік фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін зерттеу моксифлоксацин Р450 цитохромының микросомальді жүйесімен биотрансформацияға түспейтіндігін көрсетті.

Қолдану тәсіліне қарамай, қан плазмасында М1 және М2 метаболиттер, өзгермеген моксифлоксациннің концентрациясына қарағанда, көбірек төмен концентрацияларда табылады.

Шығарылуы

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12 сағатты құрайды. 400 мг дозада қабылдағаннан кейін орташа жалпы клиренсі минутына 179-ден 246 мл-ге дейінді құрайды. Шамамен минутына 24-53 мл құрайтын бүйректік клиренс препараттың бүйректе ішінара өзекшелік кері сіңірілуі арқылы болады. Ранитидин мен пробенецидті бірге қолдану препараттың бүйректік клиренсіне ықпалын тигізбейді. Енгізу жолына қарамай-ақ, бастапқы зат моксифлоксацин толық 96-98% дерлік метаболизмнің ІІ сатысының метаболиттеріне дейін, оксидативтік метаболизм белгілерінсіз, метаболизденеді.

Пациенттердің әртүрлі топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттер

Моксифлоксациннің фармакокинетикасында айырмашылықтар анықталған жоқ.

Жынысы Еркек және әйел жынысты адамдар арасында фармакокинетикасының (AUC, Cmax) айырмашылықтары (33%) байқалды. AUC және Cmax байқалған айырмашылықтар, жыныстығына қарағанда, дене салмағындағы айырмашылықтармен түсіндірілді. Сондықтан олар клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Этникалық айырмашылықтары

Этникааралық ықтимал айырмашылықтар еуропалық, жапондық, қара нәсілді және басқа да этникалық топтарда зерттелді. Моксифлоксациннің фармкокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.

Балалар

Моксифлоксациннің фармакокинетикасы балаларда зерттелген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1.73 кв.м пациенттерді қоса) және үздіксіз гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде моксифлоксациннің фармакокинетикасында елеулі өзгерістер байқалған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңілден ауырға дейінгі дәрежедегі бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша А сатысынан С сатысына дейін) бар пациенттерде қан плазмасындағы моксифлоксациннің концентрацияларын зерттеу, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтарды тапқан жоқ.

Фармакодинамикасы

Моксифлоксацин – бактерицидтік түрде әсер ететін, әсер ету ауқымы кең фторхинолондар тобына жататын микробтарға қарсы дәрі. Моксифлоксациннің грамоң және грамтеріс организмдердің, анаэробты организмдердің, қышқылға төзімді бактериялардың және мысалы, Chlamidia spp., Mycoplasma spp. және Legionella spp. сияқты атипиялық түрлердің кең ауқымына қарсы «ин витро» белсенділігі бар.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері ДНҚ топологиясын (микроб жасушасының ДНҚ репликациясы, репарациясы және транскрипциясы үшін жауап беретін) бақылайтын маңызды ферменттердің – ІІ және IV бактериялық топоизомеразаларының тежелуімен жүзеге асады.

Моксифлоксациннің бактерицидтік әсері оның концентрациясына байланысты. Препараттың ең төмен бактерицидтік концентрациялары тұтастай ең төмен тежегіш концентрацияларға ұқсас.

Моксифлоксацин β-лактамдарға және макролидтерге резистентті бактерияларға бактерицидтік әсе етеді.

Резистенттілік

Пенициллиндерге, цефалоспориндерге, аминогликозидтерге, макролидтерге және тетрациклиндерге төзімділігінің дамуына әкелетін механизмдер препараттың бактерияларға қарсы белсенділігін бұзбайды. Бактерияларға қарсы препараттардың осы топтары мен Моксифлоксацин арасында айқаспалы төзімділік білінбейді. Плазма арқылы болатын резистенттілік күні бүгінге дейін байқалған жоқ.

Препараттың құрылымындағы C8-метокси-топ грамоң микроорганизмдерге қарсы белсенділікті жоғарылататыны және, C8-H-топпен салыстырғанда, резистентті грамоң бактериялар селекциясының мутанттары дамуының төмендеуіне мүмкіндік беретіні анықталды. Құрылымда С7 күйінің азабициклоқұрылымының болуы, микроорганизмдердің фторхинолондарға төзімділігінің дамуы негізінде жатқан механизм, белсенді эффлюксті (яғни жасушалардан фторхинолонды белсенді түрде шығарып тастау) болдырмайды.

Моксифлокске резистенттілік көптеген мутациялар жолымен баяу дамиды. Тұрақтылықтың жалпы даму жиілігі өте мардымсыз (10-7 – 10-10). Препараттың микроорганизмдерге ең төмен тежегіш концентрацияларда (ЕТТК) көп реттік әсер етуі ЕТТК-нің аздаған ғана артуымен қатар жүреді

Хинолондарға айқаспалы төзімділік жағдайлары білінеді. Дегенмен, басқа хинолондарға біршама төзімді грамоң және анаэробтық микроорганизмдер Моксифлоксацинге сезімталдығын сақтайды.

Адамның ішек флорасына ықпалы

Моксифлоксацинді ішке қабылдағаннан кейін ішек флорасының келесі өзгерулері байқалды: E.Coli, Bacillus spp., Bacteroides vulgatus, Enterococci және Klebsiella spp., сондай-ақ анаэробты Bifidobacterium, Eubacterium және Peptostreptococcus азаюы. Осы өзгерістер екі апта ішінде жүрді. Clostridium difficile уыты табылған жоқ.

Ин витро сезімталдығы туралы деректер

Сезімтал микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Gardnerella vaginalis

- Streptococcus pneumoniae (Streptococcus pneumoniae мультирезистентті штаммдарын (MDRSP) қоса, PRSP (пенициллин-резистентті ретінде белгілі St. Pneumoniae штаммдарын қоса) және келесі екі және одан көбірек антибиотиктерге резистентті штаммдар: пенициллин (MIC ≥ 2 мкг/мл), цефалоспориндердің екінші буыны (мысалы, цефуроксим), макролидтер, тетрациклиндер және триметоприм/сульфаметоксазол

- Streptococcus pyogenes (А тобы)*

- Streptococcus milleri тобы (S. anginosus*, S. constellatus* және S. intermedius*)

- Streptococcus viridans тобы (S. viridans, S. mutans, S. mitis, S. sanguinis, S. salivarius, S. thermophilus, S. constellatus)

- Streptococcus agalactiae

- Streptococcus dysgalactiae

- Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал штаммдар)*

- коагулаза-теріс стафилококктер (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге сезімтал штаммдар

Грамтеріс бактериялар

- Haemophillus influenzae (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса)*

- Haemophillus parainfluenzae*

- Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса)*

- Bordetella pertussis

- Legionella pneumophilia Acinetobacter baumanii

- Proteus vulgaris

Анаэробтар:

- Fusobacterium spp, Porphyromonas spp, Prevotella spp, Propionibacterium spp.

Атипиялық:

Chlamydia pneumoniae*, Chlamydia trachomatis**, Mycoplasma pneumoniae*, Mycoplasma hominis, Mycoplasma genitalium, Legionella pneumophila*, Coxiella burnetti

Аралық микроорганизмдер:

Грамоң бактериялар:

- Enterococcus faecalis* (тек ванкомицинге және гентамицинге ғана сезімтал штаммдар)

- Enterococcus avium*

- Enterococcus faecium*

Грамтеріс бактериялар:

- Escherichia coli *

- Klebsiella pneumoniae *

- Klebsiella oxytoca

- Citrobacter freundii*

- Enterobacter species (E. aerogenes, E. intermedius, E. sakazaki)

- Enterobacter cloacae *

- Pantoea agglomerans

- Pseudomonas fluorescens

- Burkholderia cepacia

- Stenotrophomonas maltophilia

- Proteus mirabilis * 

- Morganella morganii

- Neisseria gonorrhoea **

- Providencia species (P. rettgeri, P. stuartii)

Анаэробтар:

- Bacteroides sp (B. fragilis*, B. distasoni*, B. thetaiotaomicron*, B. ovatus*, B. uniformis*, B. vulgaris*)

- Peptostreptococcus spp. *

- Clostridium sp *

Резистентті

Грамоң:

- Staphylococcus aureus -метициллин/офлоксацин резистентті штаммдар.

(Моксифлоксацинді қолдану метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) туындаған инфекцияларды емдегенде ұсынылмайды. Инфекцияның осы штаммдардан (MRSA) туындағанына күдіктенгенде немесе ол айғақталғанда, тиісті антибиотикпен емдеуді бастау қажет).

- коагулаза-теріс стафилококктер (S. cohnii, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. hominis, S. saprophyticus, S. simulans) метициллинге резистентті штаммдар

Грамтеріс

- Pseudomonas aeruginosa

*/** Моксифлоксацинге сезімталдық клиникалық деректермен айғақталды.

Микроорганизмдердің кейбір штаммдарының жүре келе болған резистенттілігінің жиілігі географиялық аймағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Микроорганизмдердің, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеген кезде, жергілікті резистенттілігі туралы ақпараттың болғаны дұрыс.

Қолданылуы

Моксифлоксацин 18 жастан асқан пациенттерде препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі бактериялық инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

Моксифлоксацинді әдетте осы инфекцияларды бастапқыда емдеу үшін немесе бастапқы ем тиімді болмағанда ұсынылатын бактерияларға қарсы дәрілер қолдануға келмейді деп саналған жағдайларда ғана пайдалану керек:

  • жедел бактериялық синуситте (адекватты түрде диагностикаланған)

  • созылмалы бронхиттің өршуі (адекватты түрде диагностикаланған)

  • ауыр жағдайларды қоспағанда ауруханадан тыс пневмонияда

  • кіші жамбас ағзаларының, тубоовариальді немесе жамбас абсцесінсіз, асқынбаған қабыну ауруларында (сальпингитті және эндометритті қоса, әйелдердің жыныс жолдарының жоғары бөлігінің инфекциялары).

Моксифлоксацинді препараты жамбастың жеңіл және орташа қабыну ауруларында пайдалану ұсынылмайды, бірақ моксифлоксацинге Neisseria gonorrhoeae төзімділігінің артуына байланысты, моксифлоксацинге Neisseria gonorrhoeae төзімділігі жоққа шығарылуы мүмкін болған кездегі жағдайларды қоспағанда, бактерияларға қарсы басқа сәйкес келетін дәрілермен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктіріп тағайындау керек.

Үлбірлі қабықпен қапталған моксифлоксациннің 400 мг таблеткалары сондай-ақ келесі көрсетілімдер бойынша венаішілік моксифлоксацинмен бастапқы емдеу кезінде жақсара бастағанын көрсеткен пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де пайдаланылуы мүмкін:

  • ауруханадан тыс пневмония

  • терінің немесе теріасты шелінің асқынған инфекциялары

Үлбірлі қабықпен қапталған моксифлоксациннің 400 мг таблеткаларын терінің және теріасты шелінің кез келген түрінде немесе ауруханадан тыс пневмонияда емдеуді бастау үшін пайдаланбау керек.

Фторхинолонды антибиотиктер мыналарда пайдаланылмауы тиіс:

- ауыр болып табылмайтын және бактерияларға қарсы емдеусіз қайтуы мүмкін инфекцияларды (мысалы, ауыз-жұтқыншақ инфекциялары) емдегенде;

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдегенде;

- саяхатшыларда диареяға немесе төменгі несеп жолдарының қайталанған инфекцияларына (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар) жол бермеу үшін;

- орташа бактериялық инфекцияларды, егер әдетте ұсынылатын бактерияларға қарсы дәрілер пайдаланыла алмаса, емдеу үшін.

Фторхинолонды антибиотиктерді,әсіресе егде жастағы адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен ем қабылдап жүрген пациенттерде; ағзалары трансплантацияланған пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек. Осы науқастарда сіңірлердің зақымдану қаупі жоғары болады, фторхинолондармен және хинолондық антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Тамақтануға қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Ересектер

Моксифлоксациннің ұсынылатын дозасы жоғарыда берілген көрсетілімдер үшін күніне 1 рет 400 мг (1 таблетка) құрайды және ол арттырылмауы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімнің ауырлығымен немесе клиникалық әсерімен анықталады.

Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеу үшін келесі жалпы нұсқаулар бар:

Созылмалы бронхиттің өршуі - 5 күн.

Ауруханадан тыс пневмония - 10 күн.

Жедел бактериялық синусит - 7 күн.

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары - 7 күн.

Кіші жамбас ағзаларының асқынбаған қабыну аурулары – 14 күн.

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары – Моксифлоксацинмен сатылап емдеудің (препаратты вена ішіне енгізу, кейіннен ішке қабылдау) жалпы ұзақтығы 7-21 күнді құрайды.

Құрсақішілік асқынған инфекциялар - сатылап емдеудің (препаратты вена ішіне енгізу, кейіннен ішке қабылдау) жалпы ұзақтығы 5 - 14 күнді құрайды.

Емдеудің ұсынылған ұзақтығын арттырмау керек.

Балалар мен жасөспірімдер

Моксифлоксациннің тиімділігі және қауіпсіздігі 18 жастан кіші балалар мен жасөпірімдерде анықталған жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозалау режимін өзгерту қажет емес.

Этникалық айырмашылықтар

Этникалық топтарда дозалау режимін өзгертудің қажеті болмайды.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1.73 кв.м қоса) пациенттерде, сондай-ақ созылмалы диализде, мысалы, гемодиализде және ұзақ амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жүректің айнуымен және диареямен қатар, барлық жағымсыз реакциялар 3%-дан төмен жиілікпен байқалды.

Жиілігі былай белгіленеді: жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1 000 дейін), өте сирек (< 1/1 000)

Жиі

  • резистентті бактериялармен немесе зеңдермен суперинфекциялар, мысалы, оральді немесе қынаптық кандидоз

  • бас ауыру, бас айналу

  • гипокалиемиясы бар пациенттерде QT аралығының ұзаруы

  • жүректің айнуы, құсу, асқазан-ішек жолында және ішекте ауыру, диарея

  • қанда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

  • анемия, лейкопения, нейтpопения, тромбоцитопения, тpомбоцитоз, эозинофилия, пpотpомбин уақытының ұзаруы және халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы

  • аллергиялық реакциялар

  • гиперлипидемия

  • үрейлену, психомоторлы белсенділіктің жоғарылауы, қозу

  • парестезиялар/дизестезиялар, сананың шатасуы және бағдардан адасу, ұйқының бұзылулары (көбінесе ұйқысыздық), тремор, бас айналу, ұйқышылдық

  • көрудің бұзылулары, соның ішінде диплопия және көздің айқын көрсеуі (әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен бірге)

  • QT аралығының ұзаруы, жүректің қағуы, тахикаpдия, жүрекшелердің фибрилляциясы, стенокардия

  • вазодилатация

  • ентігу, соның ішінде демікпелік статус

  • дәмнің бұзылыстары, анорексия, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы

  • бауыр функциясының бұзылулары, соның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, амилаза, билирубин, гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы

  • қышыну, бөртпе, есекжем, терінің құрғауы

  • артралгиялар, миалгиялар

  • дегидратация

  • өзін нашар сезіну (негізінен, астения және жалпы дімкәстік), ауырумен қатарласқан жағдайлар (соның ішінде арқаның, кеуде қуысының, жамбас аймағының және аяқ-қолдардың), тершеңдік

Сирек

  • тромбопластин концентрациясының өзгеруі

  • анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакциялар, соның ішінде өте сирекөмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шок, аллергиялық/ангионевроздық ісіну, соның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге потенциалды түрде қауіп төндіретін)

  • гипергликемия, гиперурикемия

  • эмоциональді құбылмалылық, депрессия (өте сирек жағдайларда суицидтік бастамалар/ойлар немесе суицид әрекеттері сияқты үрдістер танытуы мүмкін) елестеулер

  • гипостезия, иіс сезудің бұзылуы (аносмияны қоса), патологиялық түс көрулер, үйлесімнің бұзылуы (жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылулары, әсіресе бас айналу немесе вертиго), құрысулар (үлкен құрысу ұстамаларын қоса), зейін қоюдың бұзылулары, сөйлеу бұзылыстары, амнезия, шеткері невропатия және полинейропатия

  • құлақтың шуылдауы, естудің нашарлауы, соның ішінде кереңдік (әдеттегідей, қайтымды)

  • қарыншалық тахиаритмиялар, естен танулар (соның ішінде сананың жедел және қысқа мерзімдік жоғалуы)

  • гипертензия, гипотензия

  • дисфагия, стоматит, антибиотик-астасқан колит (соның ішінде өте сирек жағдайларда асқынулармен өмірге қауіп төндіретін жалған жарғақшалы колит)

  • сарғаю, гепатит (көбінесе, холестаздық)

  • тенденит, бұлшықет тонусының жоғарылауы және бұлшықеттің құрысулары, бұлшықеттердің әлсіздігі

  • бүйрек функциясының бұзылуы (соның ішінде қанда мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауы), бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (дегидратация нәтижесінде, әсіресе бүйрек функцияларының қатар жүретін бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде)

  • ісінулер

Өте сирек

  • пpотpомбин концентрациясының жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынас көрсеткіштерінің азаюы немесе протромбин концентрациясының және халықаралық қалыптасқа қатынас көрсеткіштерінің өзгеруі, агранулоцитоз

  • гипогликемия

  • өзін өзі танымау, психоздық реакциялар (өте сирек жағдайларда суицидтік бастамалар/ойлар немесе суицидтік әрекеттер сияқты дене мүшелерін зақымдауға дейін күшеюі мүмкін)

  • гиперестезия

  • көрудің транзиторлық бұзылуы, әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен біріккен

  • спецификалық емес аpитмиялар, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, көбінесе клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты аритмиялық жағдайларға бейім адамдарда

  • бауыр функциясының өмірге қауіп төндіретін жеткіліксіздігіне, соның ішінде өліммен аяқталуға әкелетін фульминантты гепатит

  • буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз (өмірге потенциалды түрде қауіп төндіретін)

  • сіңірлердің үзілуі, бұлшықеттің, сіңірлердің немесе буындардың зақымдануы салдарынан жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылыстары, миастения симптомдарының өршуі

Басқа фторхинолондармен емдеуден кейін, сондай-ақ моксифлоксацинмен емдеген кезде туындауы мүмкін, келесі жағымсыз әсерлердің: гипернатриемияның, гиперкальциемияның, гемолиздік анемияның, рабдомиолиздің және фотосезімталдық реакцияларының өте сирек жағдайлары болды,

Келесі жағымсыз құбылыстар Моксифлоксацинмен, Моксифлоксацин ерітіндісімен/ таблеткасымен сатылы емдеуде жүрген науқастардың қосымша топтарында байқалды:

Жиі

- гамма-глутамилтрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы

Жиі емес

- қарыншалық тахиаритмиялар, артериялық гипотензия, антибиотиктерден туындаған ісінулер, жалған жарғақшалы колит (өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен), әртүрлі клиникалық көріністері бр құрысу ұстамалары (соның ішінде жайылған түрі), елестеулер, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (дегидратация нәтижесінде, әсіресе бүйрек функциясының қатар жүретін бұзылулары бар егде жастағы пациенттерде).

Препаратты қабылдау аясында және емдеуден кейін біршама уақыт өткен соң күрделі потенциалды жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • анамнезде фторхинолондармен емдеуден болған сіңір тарапынан аурулар және бұзылулар

  • туа біткен немесе айғақталған QT ұзаруы

  • электролиттің бұзылулар, әсіресе емделмеген гипокалиемияларда

  • клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия

  • сол жақ қарыншаның лықсу фракциясының төмендеуімен бірге жүрек функциясының клиникалық тұрғыдан маңызды жеткіліксіздігі

  • анамнезінде симптоматикалық аритмия

  • QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде

  • бауыр функциясының бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класы) және трансаминаза деңгейлерінің ең жоғары қалып шегінен 5 есе артық болуы

  • галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулар

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксациннің және QTc аралығын ұзарта алатын басқа дәрілік заттардың QT аралығын ұзартуға қосымша ықпалын жоққа шығару мүмкін емес. Бұл қарыншалық аритмиялардың жоғары қаупіне әкелуі мүмкін. Сондықтан моксифлоксацинді келесі дәрілік заттардың кез келгенімен бірге пайдалануға болмайды:

- аритмияға қарсы IA класына жататын препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- аритмияға қарсы IІІ класқа жататын препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- психозға қарсы дәрілер (мысалы, фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, сультоприд)

  • трициклді антидепрессанттар

- микробтарға қарсы кейбір агенттер (саквинавир, спарфлоксацин, IV эритромицин, пентамидин, безгекке қарсы препараттар, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік препараттар (терфенадин, астемизол, мизоластин)

- басқалары (цизаприд, винкамин IV, бепридил, дифманил).

Моксифлоксацинді калий деңгейін төмендететін препараттарды (мысалы, ілмектік және тиазид типті диуретиктер, іш жүргізетін дәрілер және клизма [жоғары дозалар], кортикостероидтар, В амфотерицин) немесе клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардиямен байланысты препараттар қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Антацидтік дәрілер, полидәрумендер және минералдар

Моксифлоксацинді антацидтік дәрілермен, полидәрумендермен және минералдармен бір мезгілде қабылдау ішке қабылдағаннан кейін, осы препараттарда болатын көп валентті катиондары бар хелатты кешендердің түзілуі салдарынан, моксифлоксациннің сіңуінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде плазмадағы моксифлоксациннің концентрациясы қалағаннан едәуір төмен болуы мүмкін. Демек, антацидтік препараттарды, антиретровирустық препараттарды (мысалы, диданозин) және құрамында магний немесе алюминий бар басқа препараттарды, сукральфатты және құрамында темір немесе мырыш бар препараттарды Моксифлоксацинді қабылдауға дейін кем дегенде 6 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін тағайындау керек.

Белсендірілген көмірді және 400 мг доза моксифлоксацинді бір мезгілде енгізу препараттың айқын абсорбциясына және препараттың жүйелік жетімділігінің 80%-дан көбірекке төмендеуіне әкелді. Сондықтан осы екі препаратты пайдалану ұсынылмайды (артық дозалану жағдайларын қоспағанда).

Дигоксин

Моксифлоксацин және дигоксин бір-бірінің фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Моксифлоксациннің қайталанған дозаларын тағайындағанда дені сау адамдарда дигоксиннің ең жоғары концентрациясы шамамен 30%-ға артты, мұндайда «концентрация – уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) мен дигоксиннің ең төмен концентрациясының арақатынасы өзгермейді.

Глибенкламид

Қант диабетімен жүргізілген зерттеулерде пероральді моксифлоксацинді глибенкламидпен қатар енгізу глибенкламидтің плазмадағы ең жоғары шектегі концентрациясының шамамен 21%-ға темендеуіне әкелді. Глибенкламидтің және моксифлоксациннің бірігуі теориялық тұрғыдан жеңіл және өткінші гипергликемияға әкелуі мүмкін. Алайда глибенкламидтің байқалатын фармакокинетикалық өзгерулері фармакодинамикалық параметрлердің (қандағы глюкозаның, инсулиннің) өзгерулеріне әкелген жоқ. Сондықтан моксифлоксацин мен глибенкламид арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) мәндерінің өзгеруі

Антибиотиктермен біріктірілген антикоагулянттар, әсіресе фторхинолондар, макролидтер, тетрациклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер, соның ішінде моксифлоксацин қабылдап жүрген пациенттерде ұюға қарсы препараттардың коагуляцияға қарсы белсенділігінің жоғарылау жағдайлары білінеді. Қауіп факторлары инфекциялық аурулардың (және қатар жүретін қабыну үдерісі) болуы, пациенттің жасы және жалпы жағдайы болып табылады. Моксифлоксацин мен варфарин арасында өзара әрекеттесулер байқалмағанына қарамастан, осы препараттарды біріктіріп ем қабылдап жүрген пациенттерде ХҚҚ мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда қанның ұюына қарсы пероральді препараттардың дозасын түзету керек.

Ранитидинмен, пробенецидпен, оральді контрацептивтермен, кальций қоспаларымен, парентеральды түрде енгізілетін морфинмен, теофиллинмен, циклоспоринмен немесе итраконазолмен бірге қолданғанда дозаны түзету қажет болмайды, моксифлоксацинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулердің жоқтығы айғақталды.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Моксифлоксацинде сүт өнімдерін қоса, тағамдық өнімдермен клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесулер болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Эпидемиологиялық зерттеулерде фторхинолондарды қолданудан кейін, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризма дамуы мен қолқа қыртыстануы қаупінің жоғарылығы туралы мәлімделді.

Анамнезінде аневризмасы бар немесе аневризмасы және/немесе қолқа қыртыстануымен, сондай-ақ басқа қауіп факторлары немесе аневризманың және қолқаның қыртыстануының дамуына бейім ететін жағдайлары (мысалы, Марфан синдромы, қантамырлық типті Элерс-Данло синдромы, Такаясу артерииті, алып жасушалы артериит, Бехчет ауруы, артериялық гипертензия, атеросклероз) бар пациенттерде фторхинолондарды пайда-қаупі арақатынасына мұқият баға бергеннен кейін және емдеудің басқа ықтимал нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек.

Іште, кеуде қуысында немесе арқасында кенеттен ауыру пайда болған жағдайда пациенттер шұғыл жәрдем беретін бөлімдегі дәрігерге дереу қаралғаны жөн.

Моксифлоксацинді кейбір пациенттерге қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы білінуі мүмкін.

Әйелдерде, еркектермен салыстырғанда, QT аралығын ұзартуға беталыс бар екендігін ескерсек, олар QT аралығының ұзаруына мүмкіндік беретін препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттер де сондай-ақ мұндай препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін.

QT аралығы ұзаруының дәрежесі препарат концентрациясының жоғарылауымен артуы мүмкін, сондықтан ұсынылған дозаны және инфузия жылдамдағын (60 минут ішінде 400 мг) арттырмаған жөн. Алайда пневмониясы бар пациенттерде қан плазмасындағы препарат концентрациясы мен QT аралығының ұзаруы арасында өзара байланыс байқалған жоқ. QT аралығының ұзаруы «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, қарыншалық аритмияның жоғары қаупімен ілесті. Препаратты қабылдаған кезде кардиоваскулярлық асқынулар және QT аралығының ұзаруымен байланысты өлім жағдайлары білінген жоқ. Алайда, аритмияларға бейім белгілі бір жағдайлары бар пациенттерде Моксифлоксацинді қолданған кезде қарыншалық аритмиялардың даму қаупі артуы мүмкін.

Осымен байланысты препаратты келесі пациенттерге тағайындауға жол бермеу керек, өйткені Моксифлоксацинді осы пациенттерге қолдану тәжірибесі шектеулі:

- QT аралығы ұзарған

- емделмеген гипокалиемиясы бар

- аритмияға қарсы IA (хинидин, прокаинамид) немесе III класс (амиодарон, соталол) препараттарын қабылдап жүрген

Моксифлоксацинді сақтықпен тағайындау керек, өйткені моксифлоксациннің аддитивтік әсерін келесі жағдайларда жоққа шығару мүмкін емес:

- QT аралығын ұзартатын препараттармен (цизаприд, эритромицин, психозға қарсы препараттар, трициклдік антидепрессанттар) қатар ем қабылдап жүрген пациенттерде

- аритмияларға бейім, мысалы, клиникалық тұрғыдан маңызды брадикардия, жедел миокард ишемиясы сияқты жағдайлардағы пациенттерде

- бауыр циррозы бар пациенттерде, өйткені QT аралығының ұзаруын жоққа шығару мүмкін емес

- QT аралығын ұзартатын препараттарға көбірек сезімтал болуы мүмкін әйелдерде немесе егде жастағы пациенттерде

Моксифлоксацинмен емдеу кезінде жүрек аритмияларының белгілері пайда болған кезде емдеуді тоқтату және ЭКГ жүргізу керек.

Кейбір жағдайларда препаратты алғаш қолданудан кейін аса жоғары сезімталдық және аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, бұдан дәрігерді дереу хабардар ету қажет.

Анафилаксиялық реакциялар тіпті алғаш қолданудан кейін де өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шокқа дейін үдеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Моксифлоксацинді қолдануды тоқтатқан және тиісті ем (шокқа қарсы) жүргізуді бастаған жөн.

Моксифлоксацинді қолданған кезде өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне потенциалды түрде әкелетін шұғыл дамитын гепатиттің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің белгілері пайда болған кезде, емдеуді жалғастырар алдында, егер сарғаюмен, несеп түсінің қоюлануымен, қан кетуге бейім болуымен немесе бауырлық энцефалопатиямен байланысты тез дамитын астения сияқты бауыр ауруының белгілері және симптомдары пайда болса, дәрігерге дереу қаралу керек. Функциональді тестілер/бауыр зерттеулері бауыр дисфункциясының белгілері орын алған жағдайларда жүргізілуі тиіс. Буллездік тері реакцияларының, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромының немесе уытты эпидермальді некролиздің (өмір үшін потенциалды қауіпті) даму жағдайлары туралы мәлімделді. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан реакциялар пайда болған кезде, емдеуді жалғастырар алдында, дәрігерден дереу кеңес алған жөн.

Хинолонды қатардың препараттарын қолдану құрысу ұстамасы дамуының ықтимал қаупімен ілеседі. Моксифлоксацинді ОЖЖ аурулары бар және құрысу ұстамаларының туындауына бейім немесе құрысу белсенділігінің шегін төмендететін ОЖЖ аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Шеткері нейропатия

Моксифлоксацинді қоса хинолондарды қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия жағдайлары жөнінде мәлімделді. Моксифлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерде нейропатияның ауыр, күйдіру, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты симптомдары пайда болған жағдайда емдеуді жалғастырудан бұрын мұны дәрігерге айту керек.

Психикалық реакциялар

Психикалық реакциялар моксифлоксацинді қоса, хинолондарды алғаш енгізуден кейін де туындауы мүмкін. Өте сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар өзіне өзі қол жұмсау сияқты, суицидтік ойларға және өзін зақымдайтын мінез-құлыққа дейін үдеді. Егер пациентте осы реакциялар дамыса, моксифлоксацинді қолдануды тоқтату және тиісті шараларды жүргізу керек. Психоздық бұзылыстары немесе психикалық аурулары анамнезінде бар пациенттерде моксифлоксацинді пайдаланғанда сақтық таныту ұсынылады.

Моксифлоксацинді қоса, бактерияларға қарсы кең ауқымды әсері бар препаратты қолдану жалған жарғақшалы колиттің және Clostridium difficile-мен байланысты диастолалық диареяның даму қаупімен ілесетін болғандықтан, моксифлоксацинді қоса, әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді пайдалануымен біріктіру ауырлығы жеңіл диареядан өлімге душар ететін колитке дейін өзгеруі мүмкін. Бұл диагнозды препаратпен емдеу аясында ауыр диарея байқалатын пациенттерде болатындығын ескерсек, егер жалған жарғақшалы колиттің және диастолалық диареяның дамуына күдік бар болса немесе ол айғақталса, моксифлоксацинді қоса, бактерияларға қарсы дәрілермен емдеуді тоқтату және антибиотиктерді қабылдаумен астасқан адекватты емдік шараларды дереу бастау керек. Ауыр диарея байқалатын пациенттерде ішектің жиырылуын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Бұдан басқа инфекциялардың жұғу қаупін төмендету үшін инфекцияларды бақылауға қатысты тиісті шараларды қабылдау керек.

Моксифлоксацинді миастениясы бар науқастарға сақтықпен пайдалану керек, өйткені препарат осы аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.

Фторхинолондармен, соның ішінде Моксифлоксацинмен емдеу аясында тендинит және сіңірлердің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі) дамуы мүмкін, кейде екі жақты үзілу моксифлоксацинді қоса, хинолондармен емдеу кезінде, тіпті емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін және емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдан кейін де тіркелген. Тендиниттің және сіңірлерде үзілудің даму қаупі егде жастағы пациенттерде және кортикостеоидтарымен бір мезгілде емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерде артады. Ауырудың немесе қабынудың алғашқы белгілерінде пациенттер моксифлоксацинмен емдеуді тоқтатуы, зақымданған аяқ-қолды жеңілдетуі және зақымданған сіңірлер тиісінше емдеуді (мысалы, иммобилизация) бастау үшін дәрігерге дереу қаралуы тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерде моксифлоксацинді, егер олар сұйықтықты адекватты пайдалануды сақтай алмаса, сақтықпен пайдалану керек, өйткені сусыздану бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қаупін арттыруы мүмкін.

Көрудің бұзылулары

Егер көру нашарласа немесе көзде қандай да болсын әсерлер туындаса, офтальмологтан кеңес алған жөн.

Дисгликемия

Басқа да фторхинолондар сияқты, моксифлоксацинді қолданған кезде гипогликемияны, сонымен қатар гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылулары байқалды. Моксифлоксацин қабылдаған пациенттерде, дисгликемия пероральді гипогликемиялық агентпен (мысалы, сульфонилмочевинамен) немесе инсулинмен қатар жүретін ем қабылдаған, диабеті бар көбінесе егде жастағы пациенттерде орын алды. Қант диабеті бар науқастарда қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Фотосезімталдық реакцияларына жол бермеу

Хинолондарды қолданған кезде фотосезімталдық реакциялары білінеді. Моксифлоксациннің фотосезімталдықты индукциялау қаупі аз. Дегенмен, препаратты қабылдап жүрген пациенттер моксифлоксацинмен емделу кезінде УК-сәулеленудің, күшті күн сәулесінің әсер етуіне жол бермеуі тиіс.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

Отбасылық анамнезі немесе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның нақты жеткіліксіздігі бар пациенттер хинолондармен емдеген кезде гемолиздік реакцияларға бейім болады. Сондықтан моксифлоксацинді осы пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.

Галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер

Галактоза жақпаушылығымен, лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.

Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары бар пациенттер

Венаішілік емдеу көрсетілген, кіші жамбас ағзаларының асқынған қабыну аурулары (мысалы, тубоовариальді немесе жамбас абсцестері) бар пациент үшін Моксифлоксациннің 400 мг таблеткаларын қабылдау ұсынылмайды.

Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолондарға төзімді Neisseria gonorrhoeae әсерінен туындауы мүмкін. Егер Neisseria gonorrhoeae инфекцияларының фторхинолондарға резистенттілігін жоққа шығару мүмкін болмаса, Моксифлоксацин еміне қосымша N. gonorrhoeaeге қарсы әсер ететін тиісті антибиотикті (мысалы, цефалоспориндер) тағайындау мәселесін қарастыру керек. Егер 3 күн емдегеннен кейін клиникалық жақсаруға қол жеткізілмесе, емдеуді қайта қарастыру керек.

Моксифлоксацин метициллин-резистентті алтын түстес стафилококк (МРАС) әсерінен туындаған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Көрсетілген инфекцияларға күдіктенген немесе ол айғақталған жағдайда бактерияларға қарсы тиісті препаратты қолданудан бастау керек.

Моксифлоксацин «ин витро» белсенділігін зерттеу микобактериялық өсу супрессиясының арқасында Mycobacterium өсіріндісімен өзара әрекеттесуі мүмкін екендігін көрсетті, бұл Моксифлоксацин қабылдап жүрген пациенттерден алынған үлгілерде жалған-теріс нәтижеге әкелуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезіндегі моксифлоксациннің қауіпсіздігі анықталған жоқ. Зерттеулер репродукциялық уыттылықты көрсетті. Буындардың қайтымды зақымдануы кейбір хинолонды антибиотиктерді қабылдаған балаларда сипатталған, алайда шаранаға әсер етуінен туындаған ұқсас әсер туралы мәлімделген жоқ. Адам үшін потенциалды қаупі белгісіз. Жүктілік кезінде Моксифлоксацинді қолдануға болмайды.

Лактация және емізу кезеңінде Моксифлоксацинді қолдану туралы деректер жоқ. Бала емізетін әйелдерде Моксифлоксацинді қолдануға болмайды.

Автокөлікті және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Фторхинолондар, Моксифлоксацинді қоса, ОЖЖ тарапынан реакциялардың салдарынан автомобильді басқару немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалануы туралы деректер шектеулі. Моксифлоксацинді 1200 мг дейінгі дозада бір реттік және 10 күннен астам 600 мг-ден дені сау адамдарға қолданғанда қандай да болсын жағымсыз әсерлер білінген жоқ.

Емі: артық дозаланған жағдайда клиникалық көріністі нысанаға алу және ЭКГ мониторингпен бірге симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. Таблетканы қабылдағаннан кейін белсендірілген көмірді дереу қабылдау моксифлоксациннің жүйелік әсерінің шамадан тыс артуын болдырмауға көмектеседі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан (ПВХ/Алю) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жрде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейн қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Lok-Beta Pharmaceuticals (I) Pvt. Ltd.»

324, Corporate Centre, Nirmal Lifestyle, L.B.S Marg, Mulund (W),

Mumbai - 400080, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Lok-Beta Pharmaceuticals (I) Pvt. Ltd.», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«AVCARE LTD» (АВКЕЙР ЛТД) ЖШС

ҚР, Алматы қ., Орманов к-сі 47, т.е. 2

Тел. (727) 223-87-97

Е-mail: avcare_kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

инструкция_МОКСИФЛОКСАЦИН_окон._версия_.docx 0.1 кб
МОКСИФЛОКСАЦИН_таб.каз_.doc 0.22 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту